Әбдіжаппар Әлқожа
Жүрегіңде иман болмаса!

Жүрегіңде иман болмаса!
  • Слушали: 18
  • Размер:9,63 Mb
  • Длительность: 04:08
  • Качество: 320Kbp/s
  • Добавлено: 11 май 2020
Тыңдау
Жүрегіңде иман болмаса!
Жүктеу
Жүрегіңде иман болмаса!
На этой странице Вы можете скачать песню Жүрегіңде иман болмаса! - Әбдіжаппар Әлқожа ! Слушайте онлайн в хорошем качестве, со своего телефона на Android, iphone или пк в любое время.
Текст песни Жүрегіңде иман болмаса! - Әбдіжаппар Әлқожа
Шалқып ойнап, күлгенің бекер
Балқып өмір сүргенің бекер
Жетпіс тілді білгенің бекер
Жүрегіңде иман болмаса
Өтер күн мен түндерің бекер
Жүрегіңде иман болмаса

Атақ, мансап, даңқың да бекер
Алмас, күміс, алтын да бекер
Парасат пен парқың да бекер
Жүрегіңде иман болмаса
Арзан баққа талпынба бекер
Жүрегіңде иман болмаса

Ырып тапқан ақшаң да бекер
Бағып қаққан бақшаң да бекер
Мыңғыртып мал бақсаң да бекер
Бір жүректе иман болмаса
Жарты малды шашсаң да бекер
Бір жүректе иман болмаса

Алты құрлық барғаның бекер
Алқа топты жарғаның бекер
Алтын медаль алғаның бекер
Жүрегіңде иман болмаса
Алданады арманың бекер
Жүрегіңде иман болмаса

Имансыз ештеңең жоқ мақтанатын
Түгің жоқ арғы өмірге апаратын
Жұмақтың кілті жалғыз иман ғана
Жұмақтай жүректерде сақталатын
Жұмақтың кілті жалғыз иман ғана
Алла деген жүректерде сақталатын

Келілі сындар қаншаулы
Келтірдім иман мен де енді
Адами жолға салшы Алла
Адасқан біздей пендеңді
Көрсең де кесір жәбір көп
Көңілімнің иманы толсыншы
Алладан басқа Тәңір жоқ
Мұхаммед оның елшісі!
Слушайте еще треки
Комментарии (0)
Добавить